Ақтөбеде 375 тоннаға арналған икемді битум қоймасы ашылды
Ақтөбеде жоспарланған мерзімінде мемлекеттік үдемелі индустриялық- инновациялық бағдарлама аясында жүзеге асырылған тағы бір жоба пайдалануға берілді. «Южпромснаб» ЖШС 375 тонна өнім сиятын икемді битум қоймасын іске қосты. |
«Южпромснаб» ЖШС бас технологы Геннадий Мартыновтың айтуынша, икемді битум сақтау қоймасы халық аз шоғырланған аудандарда жол салу кезінде битум сақтауға арналған.
Жобаның құны 65 млн. теңге. Битум қоймасының қуаттылығы жылына 9000 тонна өнім сақтауға жетеді.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін