Ақтөбеде 9 жасар қызға тап берген ер адам іздестірілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде 9 жасар қызға тап берген ер адам іздестірілуде

Ақтөбеде 9 жасар қызға тап берген ер адам іздестірілуде

Ақтөбеде 12-шағын ауданда белгісіз ер адам үйірмеден шығып, үйіне қайтып келе жатқан 9 жасар қызға шабуыл жасады.

  • 31 Қазан 2014
  • 394
Фото - Caravan.kz

ІІД баспасөз қызметінен хабарлағандай, ер адам қыздың арт жағынан келіп, ұстап алған. Қасынан өтіп бара жатқан әйел «Баланы жібер!» деп айғайлаған кезде ол тұра қашқан.

Қыз да қорыққаннан үйіне қашып кеткен, алайда ол өзіне тап берген адамның кім екенін біле алмады, фотороботын да жасай алмады.

«Қыздың ата-анасы полицияға шағымданды. Біз іздеу шараларын жүргіздік. Алайда фотороботсыз бұл адамды табу мүмкін емес. Бар үмітіміз, болған оқиғаның куәгері, көмекке шақырған әйел бізге бұл істе бізді естіп, көмектеседі деген ойдамыз», — дейді ІІД баспасөз хатшысы Ардагер Уайдин.