Жарияланды: 370

Ақтөбеде әйел адам жаңа туған қызын 200 мың теңгеге сатқан

Ақтөбеде әйел адам жаңа туған қызын 200 мың теңгеге сатқан

2015 жылы 23 қазанда облыстық ІІД жедел қызметкерлері 2015 жылы 15 қазанда туған қызын 200 мың теңгеге сатқан әйелді ұстады. 

Сатып алушы рөлінде полицияның жедел қызметкері байланысқа шыққан.  

Аталған факт бойынша ҚР ҚК 135 бабы 1 бөліміне сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Айғақ заттар - 200 мың теңге көлеміндегі қаржы тәркіленді. 23 жастағы күдікті қамауға алынды.

Бүгінде ювеналдық полиция қызметкерлерімен бірге нәрестені Ақтөбе қаласындағы «Үміт» сәбилер үйіне тапсыру мәселесі шешіліп жатыр, деп хабарлады Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметінен. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін