Ақтөбеде антитеррорлық операция аяқталды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде антитеррорлық  операция аяқталды

Ақтөбеде антитеррорлық операция аяқталды

 

  • 13 Маусым 2016
  • 449
Фото - Caravan.kz

Ақтөбеде лаңкестікпен күрес штабының содырларды жоюға бағытталған антитеррорлық операция аяқталды. Бұл туралы ҰҚК-нің баспасөз қызметі хабарлады деп жазады Караван.кз сайты.

«Шара барысында 9 лаңкес ұсталды, 18-нің көзі жойылды. Лаңкестер ұрлаған 23 дана қару қайтарылды»,- деді ҰҚК басшысының орынбасары Нұрғали Білісбеков баспсөз мәслихатында.

Қазір жасалған қылмыстарға байланысты қозғалған 25 қылмыстық іс бір өндіріске біріктірілген.  

ҰҚК орынбасарының айтуынша, қолға түскендер тергеу алдында түсінік беруде. Алдын ала мәліметтерге қарағанда Ақтөбедегі лаңкестер қару қолдану арқылы түзеу мекемелері мен әкімшілік ғимараттарына шабуыл жасамақ болған.

ҰҚК-нің «Арыстан» арнайы жасағы мен «Бүркіт» ұлттық гвардиясы және ІІМ-ге қарасты «Арлан» жасағының жедел қимылы арқасында аталған қылмыстардың жолы кесілді.


«Ақтөбедегі террорға қарсы орталық қаза болған марқұмдардың туған- туыстарына қайғырып көңіл айтады. Ал арнайы шара барысында қылмыскерлерді ұстау үшін қол ұшын созған тұрғындарға ризашылығын жеткізеді делінген», хабарламада.