Ақтөбеде аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен тоғыз адам ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен тоғыз адам ұсталды

Ақтөбеде аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен тоғыз адам ұсталды

Ақтөбе қаласында екі адамды өлтірді деген күдікке ілінгендердің барлығы анықталды.

  • 28 Қазан 2022
  • 31
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Polisia.kz телеграм арнасына сілтеме жасап хабарлалйды 

Бұл іс бойынша полицейлер 9 адамды ұстады, деп хабарлады Ақтөбе облысы бойынша полиция департаменті тергеу басқармасы бастығының орынбасары Нұрболат Сұлтанов.

Бұған дейін полиция аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен 3 адамды қамауға алған болатын. Облыс орталығынан 400 шақырым жерде орналасқан елді мекендердің бірінде тағы 6 күдікті ұсталды.

Осы факті бойынша Қазақстан Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі 1-тармағымен (Кісі өлтіру) сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Зорлықпен өлтіру белгілері бар екі адамның мәйіті Ақтөбедегі Елек өзені жағасында орналасқан "Оазис" монша кешенінің қарсы бетінен табылды.

Соңғы жаңалықтар