Облыстық Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, сағат 00:30 шамасында 102 жедел басқару орталығына қаладағы 41-разъезд ауданының тұрғыны қоңырау шалып, үй ауласындағы әжетханадан қапшыққа салынған нәресте тауып алғанын айтқан, — деп хабарлайды 24.kz Шақалақ дереу қаладағы перзентханалардың біріне жеткізілген. Қазір дәрігерлердің бақылауында. Сәбиін әжетханаға тастап кеткен әйел іздестірілуде.