Тіпті сатып алушылар санын көбейту үшін түрлі жеңілдіктер ұсынып жатыр. Дегенмен, көлік жүргізушілері тарапынан жаппай арзан бензин алуға ағылып жатқандар жоқ. Көбі жанармайдың құны бұдан да түсетініне сенімді. Жұрт Ақтөбеде бензиннің бағасының алабөтен төмендеуін аймақта мұнай өңдейтін зауыттың ашылуымен байланыстырады.