Жарияланды: 550

Ақтөбеде бір нашақор емдеу мекемесінің қызметкерлеріне ВИЧ індетін жұқтыруға әрекет жасады деп айыпталуда

Ақтөбеде 30 жастағы бір нашақор облыстағы арнаулы профилактикалық емдеу мекемесінің қызметкерлеріне ВИЧ індетін жұқтыруға әрекет жасады деп айыпталуда. Бұл туралы Ақтөбе облыстық ІІББ-ның баспасөз орталығынан KZ-today тілшісіне хабарлады.

Полиция қызметкерлерінің ақпаратына сәйкес, облыстағы арнаулы профилактикалық емдеу мекемесінде мәжбүрлі емделіп жатқан күдікті мас күйінде дәрігерлерге тап қойған. "ВИЧ індетін жұқтырып алған мас нашақор емдеу мекемесінен қашуға әрекет жасауына байланысты өткізілген дәрігерлердің ақыл-кеңесіне осындай жауап қатса керек",- дейді баспасөз қызметіндегілер. Өз тамырын өзі кесіп жіберген науқас аурухана дәрігерлері мен мейірбикелеріне қанын шашумен шектелмей, оларды тістеп алуға да әрекет жасаған. Қазіргі жағдаймен, науқас басқа сырқаттардан оқшауланып, арнаулы профилактикалық емдеу мекемесінің жеке палатасына қамалды. Ауруханадан шыққаннан кейін ол тергеу абақтысына жіберіледі. Емдеу мекемесінің қызметкерлеріне ВИЧ індетін жұқтыруға әрекет жасағаны үшін оның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Бүгінде Ақтөбе облысында СПИД және ВИЧ індетін жұқтырып ресми тіркеуде тұрған 85 мың адам бар. Олардың 80 проценті нашақорлар мен жезөкшелер секілді қатерлі топ өкілдері.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін