Ақтөбе көшелерінде кешегідей мерекелік сән-салтанат бір күнде ғайып болған. Оның орнына қарбалас жол жөндеу жұмыстары басталып кетті. Соның кесерінен жүргізушілер мен жолаушылар діттеген жеріне жету үшін кептелісте бірнеше сағат күтіп тұруға мәжбүр. Жұрт қайта жөнделіп жатқан жолдың бірер айда бұрынғысынша шұрық-тесік қалпына келеріне сенімді.
Ернар Ысқақов, Ақтөбе қаласының тұрғыны:
Дұрыс жасамайды ғо. Биыл жасады аа алдыңғы жылы жасады да қайтадан істеп жатыр. Дұрыс істемей жатыр ғо. Зардап шегетін жүргізушілер. Несі кетеді, машинасы бұзылады мына шұңқыр-шұңқырдан. Мыңдаған ақша кетіп жатыр. Бірақ қарап жатқан ешкім жоқ.
Былтыр жергілікті билік қала жолдарын жаппай жаңартуға 5 миллиард теңге бөліп, тақтайдай тегіс болады деп сендірген еді. Бірақ сенім білдірген мердігерлердің шала ісі жарты жыл өтпей әшкере болды. Шұрық-тесік жолдардан көліктердің доңғалақтары жарылып, жолға төселген тастары ондаған машинаның терезесін сындырған. Осындай олқылықтардан соң шенеуніктер отыз күн ішінде жолды қайта тегістеп шығуды бұйырды. Енді ақтөбеліктердің бір ай бойы қиналуына тура келеді. Ал мердігерлер шығынды өз мойындарына алғанын айтады. Бірақ жергілікті халық оған сенбей отыр.
— Компания за свой счет переделывет.
-Мен бірдеңе айтсам болады ма?
— Болады.
-Ақшаны жеп жатсыңдар, трассаны салмайсын да
-Придурок.
— Сенімге селкеу түсірген мердігер компаниялар шығынды өтейміз деп құтылды. Бірақ өз қалтасынан ақша шығарып істеген жұмыстарының нәижесі қалай болары белгісіз. Ал сапасыз жұмысты қабылдап алған мемлекеттік мекемелердің әрекетін тексерген ешкім жоқ Желге ұшқан бюджет ақшасы тағы сол сұраусыз кеткелі тұр.