Ақтөбеде дәрігерлер қытайдың вагондарынан кейін жолаушылар денсаулығының нашарлағандығын айтуда - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде дәрігерлер қытайдың вагондарынан кейін жолаушылар денсаулығының нашарлағандығын айтуда

Ақтөбеде дәрігерлер қытайдың вагондарынан кейін жолаушылар денсаулығының нашарлағандығын айтуда

Ақтөбе. 28-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбеде санитарлық дәрігерлер қытай вагондарының жолаушылары арасында сауалнама жүргізу барысында олардың денсаулықтарының нашарлағандығығы белгілі болған, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 28 Желтоқсан 2007
  • 512
Фото - Caravan.kz

Атап айтқанда, Батыс аймақтық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бас маманы Гүлнәр Қарастекованың айтуынша, 45 жолаушы негізінен бастары ауырып, қан қысымдарының көтеріліп, шаршағандарын, ауа жетпей, жүректері айнып, құсқылары келгендігін, сондай-ақ көздерінің көру қабілеттері нашарлағандықтарын айтып, шағымданған.

«Тағы 18 адам вагондардың, дәліздердің тарлығына көңілдерінің толмайтындықтарын айтқан»,- деп атап өтті Гүлнәр Қарастекова. Ол сондай-ақ, «Алматы — Ақтөбе» және «Ақтөбе-Алматы» бағытында жолаушылаған 405 адамға сауалнама жүргізілгендігін айтып өтті.

Санитарлық дәрігердің айтуынша, бұл сауалнаманы жүргізуге «Қытай Халық Республикасының вагондарын қабылдау және оларға зертханалық-инструментальдық зерттеу жүргізу кезінде жолаушылар тыныс алатын аймақта қауіптілігі удың ІІ деңгейіне жататын және алдына ала зерттеу кезінде вагондардың ішкі материалдарынан шығып тұрған фенол мен стиролдың ауадағы құрамы ең шекті мөлшерінен 8-16 есе артық екендігі анықталуы себеп болған».

«Баршаға белгілі, біз аталмыш вагондарды пайдалануды тоқтату туралы қаулы шығарғанбыз және де заңға сәйкес ол сот шешімі шыққанға дейін өз күшінде болуға тиіс»,- деп хабарлады Гүлнәр Қарастекова. «Бірақ бұған қарамастан вагондар бүгінгі күнге дейін жолаушылар тасымалдауға пайдаланылуда», деп қосты ол.

Оның айтуынша, санитарлық дәрігерлердің жүргізген сауалнамалары — «бір реттік жоба емес».

«Біз талдау жүргізуге мәліметтер банкін құру үшін жолаушалыр арасында тағы да бірқатар сауалнамалар жүргізіуді жоспарлап отырмыз. Осыдан кейін материалдар республикалық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау мекемесіне жөнелтіледі»,- деп қорытындылады Гүлнәр Қарастекова.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті