Ақтөбеде "Көктас" АҚ мен Ақтөбе облысының басшылығы арасында өзара экономикалық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде "Көктас" АҚ мен Ақтөбе облысының басшылығы арасында өзара экономикалық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Ақтөбеде "Көктас" АҚ мен Ақтөбе облысының басшылығы арасында өзара экономикалық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Ақтөбеде "Көктас" АҚ мен Ақтөбе облысының басшылығы арасында өзара 3 жылдық экономикалық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 9 Қаңтар 2004
  • 1085
Фото - Caravan.kz

Облыстың жер қойнауын пайдалану және қоршаған ортаны қорғау департаментінің төрағасы Талғат Атыраубаев пен «Көктас» АҚ-ның президенті Ян Тампаев арасында қол қойылған келісім-шартына сәйкес Ақтөбе облысы қосымша 97 млн. теңге алады. Аталмыш қаржы есебінен әлеуметтік бағдарламалар мен табиғат қорғау шаралары қаржыландырылады.

Облыс аумағында жұмыс істейтін ірі кәсіпорындардың жергілікті жобаларға атсалысу үрдісі Ақтөбе облысында үш жылдан бері қалыптасып келеді. Облыстық әкімшілік «CNPC-Ақтөбемұнайгаз» ААҚ, «Алитес Петролиум Интернешнл» компаниясы мен «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС-мен арада жоғарыдағыдай меморандумдарға қол қойған.

Соңғы жаңалықтар