Ақтөбеде көпшіліктің көзінше суға кеткен 3 жасөспірімді ешкім құтқара алмады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде көпшіліктің көзінше суға кеткен 3 жасөспірімді ешкім құтқара алмады

Ақтөбеде көпшіліктің көзінше суға кеткен 3 жасөспірімді ешкім құтқара алмады

Оқиға 1 маусым күні Ақтөбедегі "Нұр-ғасыр" мешітінің жанында Сазды өзенінде орын алған. Ондаған адам қайғылы оқиғаның куәсі болса да, балаларды құтқара алмады. Бұл туралы облыстық ТЖД-ның баспасөз қызметі хабарлап отыр.

  • 2 Маусым 2017
  • 942
Фото - Caravan.kz

Болған оқиғаның фотолары мен видеосы әлеуметтік желілерге тарап кетті. Қайтыс болған балалардың кім екені әлі белгісіз. Олардың қандай жағдайда ағып кеткені де енді анықталатын болады. Белгілісі, олар өзенге шомылмақ болған екен.

Осыған орай, Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары ата-аналардан балаларын қараусыз қалдырмауды сұрап отыр.

"Ақтөбе тұрғындары мен қонақтарын күннің жылынуына қарамастан, судың әлі де жылынбағанын, сондықтан дене тартылып қалатынын ойлауға шақырамыз. Балалар ересектердің бақылауында ғана шомылуы тиіс. Оларды көзден минутқа болса да тасада қалдырмау керек. Суға тек 25°С температурасында ғана түсуге болады", — делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар