Ақтөбеде күн қатты ысып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде күн қатты ысып кетті

Ақтөбеде күн қатты ысып кетті

Соның кесірінен денсаулығы сыр беріп, ауруы асқынғандардың қарасы күрт көбейген. 

  • 17 Мамыр 2014
  • 531
Фото - Caravan.kz


Соңғы 2 күн ішінде жедел жәрдем көмегіне жүгінгендер саны екі есеге артыпты. Әсіресе қан қысымына байланысты шақыртулар көп. Апта басында сынап бағанасы небәрі 22 градус ыстықты көрсетсе, қазір облыс орталығында 37, кейбір аудандарда 40 градусқа дейін жеткен. Аптап  ыстықтан көшедегі адам қарасы да азайып, жұрт сулы жер мен көлеңкелерді жағалауға мәжбүр. Синоптиктер келесі аптада ауа температурасы алі  көтерілетінін айтуда. Егер осындай күннің қызуы басылмаса егіншілерге ауыр тиеді. Себебі, маусым басталмай жатып, жердің ылғалы құрғап кетуі мүмкін.