Ақтөбеде өз баласын сатпақ болған тасбауыр ана сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде өз баласын сатпақ болған тасбауыр ана сотталды

Ақтөбеде өз баласын сатпақ болған тасбауыр ана сотталды

Ақтөбеде өз баласын сатпақ болған келіншек сотталды. Бес жасар бөбегін саудалаған Ирина Журавлева енді сегіз жылын түрмеде өткізеді.

  • 22 Мамыр 2014
  • 339
Фото - Caravan.kz


Безбүйрек ана азаматтық некедегі күйеуімен бірге арақ алу үшін баласын сатуды жоспарлапты. Сатып алушы кейпінде барған полиция қыметкерінен алғашқыда жеті мың доллар сұрап, кейін жеті жүз мың теңгеге келіскен. Келіншек сотта бөгде адамдардың қызымды демалыс күндері бағуына ғана келісім бердім деп өзінше ақталмақ болды. Бірақ бұл уәжі судьяны сендіре алған жоқ. Енді ол 8 жылға түрмеге қамалып қана қоймай, білім бөлімінің арызы бойынша  аналық құқынан да айырылды. Ал сыбайласы 9 жылға сотталды. Бұл екеуін темір торда маскүнемдіктен де мәжбүрлеп емдейтін болады. Тірі тауарға айналған баланың өзі жетімдер үйіне тапсырылған.