Ақтөбеде прокурорлар кейбір қылмыстық істерді үш тәулікте тергеп бітірген - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде прокурорлар кейбір қылмыстық істерді үш тәулікте тергеп бітірген

Ақтөбеде прокурорлар кейбір қылмыстық істерді үш тәулікте тергеп бітірген

Ақтөбе прокурорлары қылмыстық істің 78 пайыздан астамын 10 тәулік ішінде сотқа жөнелтті. Оның 35 пайыздан астамы үш тәулікте сотқа кеткен.

  • 17 Қазан 2017
  • 194
Фото - Caravan.kz


«Азаматтардың мүддесіне қатысты қылмыстық процесті оңтайландыру» жобасы аясында аудан, қаладағы ішкі істер органдары бөлімшелерінде кезекші прокурор бөлмесі жарықтандырылды, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

Кезекші прокурорға заңғы сүйеніп істі сотқа жіберу мүмкіндігі берілген. Қазіргі уақытта қылмыстық істің 78,4 пайызы 10 тәулікте, оның 35,8 пайызы үш тәулікке дейін сотқа жіберілді.

«Прокурорлар 252 азаматтың сұрағын дер кезінде шешіп, нәтижесінде арыз 38 пайызға азайды. Жобаны іске асыру аясында Зауыт, Заречный полиция бөлімдері мен Хромтау, Темір, Байғанин аудандық ішкі істер бөлімдерінде прокурорлардың бөлмесі ашылды. Өзге аудандарда бейнебақылау орнатылып жатыр. Нәтижесінде биыл қылмысты тергеу кезінде заңсыздық тіркелмеді. Ал өткен жылы 4 полиция қызметкері жауапкершілікке тартылған болатын», — деді Ақтөбе облысының бас прокуроры Марат Кайбжанов өз парақшасында.

Соңғы жаңалықтар