Ақтөбеде қарттар үйінен өрт шығып, 85 жастағы әйел зардап шекті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде қарттар үйінен өрт шығып, 85 жастағы әйел зардап шекті

Ақтөбеде қарттар үйінен өрт шығып, 85 жастағы әйел зардап шекті

Өткен демалыс күндері қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйінде өрт болып, соның салдарынан онда тұратын 85 жастағы әйел аса ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді.

  • 28 Шiлде 2015
  • 360
Фото - Caravan.kz

Облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметінен хабарлағандай, бөлмелердің бірінде кереуеттер өртене бастаған. Оқиға орнына 6 техника бірлігі мен жеке құрамның 27 адамы жіберілді. Алайда интернаттың қызметкерлері жалынды өрт сөндірушілер келіп жеткенше өздері сөндіре алды.

Жедел медициналық көмек ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Хихметолла Кәрімов зардап шеккен әйелдің терісінің 70 пайызын күйік шалғанын хабарлады.

«Науқас жалпы жансақтау бөлімінде жатыр. Оның жағдайы өте ауыр, қолданып отырған шараларға қарамастан, жағдайы күн сайын нашарлап барады», — деді дәрігер.


Полиция өрттің шығу себептерін анықтап жатыр.