Ақтөбеде қарттар үйінің 85 жастағы тұрғыны өртеніп өлді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде қарттар үйінің 85 жастағы тұрғыны  өртеніп өлді

Ақтөбеде қарттар үйінің 85 жастағы тұрғыны өртеніп өлді

Ақтөбедегі қарттар үйінің 85 жастағы тұрғыны өз төсегінде өртеніп өлді.

  • 31 Шiлде 2015
  • 250
Фото - Caravan.kz

Қайғылы оқиға әлеуметтік мекемеде 5 күн бұрын болған. Қазір өртенген бөлмені интернат қызметкерлері бояп, тазартып үлгеріпті. Тіпті Мария Меняеваның орнына басқа әжейді көшіріп әкелген. Қайғылы оқиға болған күні бөлмеде керуертке таңылған 3 кемпір жатқан екен. Екеуін қызметкерлер құтқарып үлгерген. Ал оңбай күйген Мария Меняева облыстық ауруханаға жеткізілгенімен, сонда ес жимастан кетті. Қария бұған дейін де өзін-өзі өлтіруге талай оқталды дейді қызметкерлер. Ұл-қызы жоқ жалғызбасты қарт 5 жылдан бері осы интернатта тұрған екен. 

Гүлсара Бисалиева, Ақтөбе қалалық қарттар мен мүгедектер интернат үйінің бас мейірбикесі: 

-Ол кісінің бірнеше рет қолынан шырпы да тартып алдық. Пышақ та алдық өз-өзіне қол жұмсағысы келгенде. Мен өлемін дейді оның әңгімесі осы. Жедео жәрдем шақыртып жатқанда қалтасынан шырпы алдық. Оны келген полицияға көрсеттік.