Ақтөбеде Қасым, Жомарт, Кемел есімді үшем дүниеге келді - kaz.caravan.kz
  • $ 442.05
  • 474.14
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
1 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде Қасым, Жомарт, Кемел есімді үшем дүниеге келді

Ақтөбеде Қасым, Жомарт, Кемел есімді үшем дүниеге келді

Ақтөбеде дүниеге келген үшемдерге Қасым, Жомарт, Кемел есімдері берілді. Мемлекет басшысының есімі қойылған сәбилерді 36 жастағы келіншек он үш жылдан кейін экстракорпоралды ұрықтандыру көмегімен өмірге әкеліпті. Дәрігерлер Ақтөбеде соңғы екі жылда үшем бірінші рет туылғанын айтты.

  • 2 Маусым 2022
  • 40
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Анасы мен сәбилері әзірге перинаталдық орталықта дәрігерлердің бақылауында болады. Балалардың туғандағы салмағы 2600, 2100 және 1090 грамм. Дәрігерлер 36 жастағы әйелге "Аңсаған сәби" бағдарламасымен экстракорпоральды ұрықтандыру жасалғанын және келіншекті жоспар бойынша кесарь тілігі арқылы босандырып алғандарын айтып отыр.  

“УЗИ-ден үшем деп айтқанда үлкенін Кемел деп шештік бірден. Аман-есен босансам Кемел деп қоямыз дедік. Сосын егіз бала, ер бала деген соң Қасым, Жомарт деп президенттің атын қойдық. Болашағы жарқын болсын. Біздің президент сияқты сауатты болсын дедік”, – дейді үшемнің анасы Қарлығаш Жармағамбетова. 


Соңғы жаңалықтар