Ақтөбеде қазақ батырларының суреттері қоғамдық көліктерге іліне бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде қазақ батырларының суреттері қоғамдық көліктерге іліне бастады

Ақтөбеде қазақ батырларының суреттері қоғамдық көліктерге іліне бастады

Ақтөбеде Жеңіс күні қарсаңында соғысқа қатысқан қазақ батырларының суреттері қоғамдық көліктердің ішіне іліне бастады. Бауыржан Момышұлы, Қасым Қайсенов сынды майдангерлердің портреттерімен қатар, олар жайлы қысқаша анықтамада берілген.

  • 9 Мамыр 2014
  • 471
Фото - Caravan.kz

Автопарк ұжымының мұндай қадамға баруына жастар арасында батыр майдангерлерді танымайтындар қатарының көбеюі себеп болса керек. Әсіресе, Ақтөбе өңірінен шыққан Кеңес Одағының батырларының барлығын дерлік қамтуды жөн санапты. Әлия Молдағұловадан бастап, жиырмаға тарта осы аймақтың тумаларының өмірдеректерін тапқан. Тіпті, тары егіп рекорд орнатқан Шығанақ Берсиевті де ұмытпапты. Себебі, ол тылдағы ерен еңбегімен еленіп, майданға мыңдаған тонна тары жөнелткен болатын.


Серік Төлеубаев, автопарк қызметкері

Кейбір әріптестерім, замандастарым Талғат Бегелдиновтың әлі күнге дейін көзі тірі екенін білмейді мысалға. Қанша айтқанымен олар біздің ата-бабаларымыз. Біз жауынгер халықпыз. Сол жауынгерлігіміз Кеңес заманында да жеңісті алып берді деп есептеймін.