Жарияланды: 340

Ақтөбеде қопарылыс фактісі бойынша қозғалған қылмыстық іс құпия режимде тергелуде

Ақтөбеде ҰҚК департаментінің ғимаратында жанкештінің өзін-өзі жару фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істің материалдарына "құпия" белгісі қойылған, деп хабарлады Қазақстан бас прокуратурасының ресми өкілі Жандос Өмірәлиев.

"Бұл іс құпия режимде тергелуде, әзірге оған түсініктеме бере алмаймыз", деді ол Астанада дүйсенбіде баспасөз мәслихатында. Алдында белгілі болғандай, 17-мамырда таңертең Ақтөбеде ҰҚКД ғимаратында 25-жастағы Рахымжан Мақатов өзін-өзі жару актісін жүзеге асырған, соның салдарынан өзі қаза болды, екі адам зардап шекті. Ресми органдар бұл қопарылыс теракті емес, деп мәлімдеді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть