Ақтөбеде рельстен шығып кеткен тепловоз көп қабатты үйдің жанына жетіп әрең тоқтады - kaz.caravan.kz
  • $ 441.8
  • 480.02
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде рельстен шығып кеткен тепловоз көп қабатты үйдің жанына жетіп әрең тоқтады

Ақтөбеде рельстен шығып кеткен тепловоз көп қабатты үйдің жанына жетіп әрең тоқтады

Ақтөбенің шетіндегі теміржол вокзалы маңында теміржол тупигінен тепловоз рельстен шығып кетіп, көп қабатты үйге соғылуға шақ қалды деп х

  • 7 Қыркүйек 2017
  • 266
Фото - Caravan.kz

Ақтөбенің шетіндегі теміржол вокзалы маңында теміржол тупигінен тепловоз рельстен шығып кетіп, көп қабатты үйге соғылуға шақ қалды деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

"Сержан" пәтер иелері кооперативінің төрайымы Нұрсұлу Дәулетованың айтуына қарағанда, таңертеңгі сағат 8:30 шамасында вокзал маңындағы теміржол тұйығына апарып қойылған тепловоз рельстен шығып кетіп, Жаманқұлов көшесі бойындағы 6/1 бес қабатты үйдің қоршауын, жанындағы газ құбырын бұзып өтіп, үйдің жанындағы ағашқа барып тірелген. Тепловоз үйге шамамен 30 сантиметрдей ғана жетпей тоқтаған.

Бұдан соң төтенше жағдайлар, өрт сөндіру қызметі, жедел жәрдем, газдан апатты қорғау қызметі шақырылып, бес қабатты үйдің 40 шақты тұрғыны эвакуацияланған. Нұрсұлу Дәулетова төтенше оқиғадан ешкім зардап шекпегенін, тек үйдің артында тұрған жеңіл көлік бүлінгенін айтады. Эвакуацияланған тұрғындар бірер сағат далада тұрған.


Оқиға орнында жүрген теміржолшылар Азаттық тілшісіне оқиғаға қатысты ақпраат беруден бас тартты. Тепловоз әлі әкетілмеген.

Соңғы жаңалықтар