Ақтөбеде табылған динозаврдың жұмыртқасы тас боп шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде табылған динозаврдың жұмыртқасы  тас боп шықты

Ақтөбеде табылған динозаврдың жұмыртқасы тас боп шықты

Ақтөбеде табылған жұмыртқа пішіндес заттың динозаврға еш қатысы болмай шықты. Алматылық палеонтологтар оны кәдімгі табиғи тас деп отыр.

  • 25 Маусым 2015
  • 231
Фото - Caravan.kz

Ғалымдар ол үшін жан-жақты зерттеу жүргізудің қажеті жоқ деп санаған. Олар жергілікті археологтар жолдаған суретке қарап-ақ, қорытынды шығарып қойды. Тастың ортасындағы жұмыртқаның сары уызы мен ақуызына ұқсайтын қоңыр таңбалар марганец тұздарының кристаллға айналған түрі екен. Қазір құрылыс алаңынан ерекше тасты тапқан азаматтар мен өлкетану музейіндегі мамандардың көңілдері су сепкендей басылған. Себебі олар динозаврдың жұмыртқасын тапқандарына сенімді еді. Енді музейде сақтаулы тұрған тасты лақтырып тастауға да қимай, құны жоқ болған соң сақтай да алмай дал болып отыр.