Ақтөбеде тағы бір "діндар" екі адамды құлдықта ұстап келген - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде тағы бір "діндар" екі адамды құлдықта ұстап келген

Ақтөбеде тағы бір "діндар" екі адамды құлдықта ұстап келген

Ақтөбе облысының полициясы сейсенбі күні Өзбекстан азаматын және Ақтөбе тұрғынын бостандықтарынан айырып, құлдықта ұстап келген деген күдіктіні ұстағандарын мәлімдеді.

  • 27 Сәуiр 2017
  • 258
Фото - Caravan.kz

Облыстық ішкі істер департаментінің таратқан мәлімдемесіне қарағанда, «дәстүрлі емес діни ағымның өкілі» 31 жастағы жергілікті тұрғын ұсталған деп жазады Centralasian.org. Ол 14 сәуірде тұтқындалған. Күдіктінің аты-жөні әзірге айтылмайды. Үйін тінту кезінде қару-жарақ табылған.

Полицияның ақпараты бойынша, осыған дейін де қылмыстық жауапкершілікке тартылған күдікті бұл жолы 1965 жылы туған Өзбекстан азаматын және 1974 жылы туған Ақтөбе тұрғынын ұрлап, оларды құлдықта ұстап келген деген айыппен сотталуы мүмкін.


Соңғы жаңалықтар