“10 маусымда Ақтөбе облыстық терроризммен күрес жедел штабы Ақтөбедегі терактіні ұйымдастырғандарды ұстау операциясын жүргізуде. Олар оңай берілмей қарулы қарсылық көрсетуде”, – делінген ҚР ҰҚК ресми сайтындағы хабарламада.
Операция әлі жалғасып жатыр, оның нәтижелері кейінірек хабарланбақ.
“Күштік құрылымдардың әрекеті кезінде жергілікті халықтың қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі”, – делінген хабарламада.