Ақтөбеде Ұлы Отан соғысының ардагері көз протезіне қол жеткізе алмай жүр - kaz.caravan.kz
  • $ 464.73
  • 546.57
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде Ұлы Отан соғысының ардагері көз протезіне қол жеткізе алмай жүр

Ақтөбеде Ұлы Отан соғысының ардагері көз протезіне қол жеткізе алмай жүр

Ақтөбеде Ұлы Отан соғысының ардагері талай жылдан бері көз протезіне қол жеткізе алмай жүр. Себебі, мүгедектерге ақысыз берілетін  құралдардың тізіміне жасанды көз жанарын орнату қызметі кірмейді. Қан майданда жанарынан айрылған ақсақал құзырлы мекемелерге де хабарласқанымен тұшымды жауап ала алмапты. Халықты әлеуметтік қорғау басқармасындағылар да көз протезін сәндік құрал деп санап, соқырлар мәселесінен сырт айналған.

  • 5 Мамыр 2012
  • 653
Фото - Caravan.kz

88-ден асқан Ғизат Тоқтабаев жау оғы тиіп, бір көзінен айрылған күнді ешқашан есінен шығарған емес.1943 жылы Украина майданында неміс мергенінің оғы әуелі пулеметке, одан ыршып ақсақалдың маңдайына тиген. Кірген оқтың ізі бар болғанымен, шыққанын көрсететін тесік таба алмай, ақыры дәрігерлер көзді ойып алып тастайды. Әскери басшылықтың бұйрығымен соғыс кезінде алғаш рет көз протезін салдырып, кейін кеңес дәуірінде де әр бес жыл сайын ауыстырып тұрған. «Енді ел егемендік алғалы бері көз протезіне ақысыз қол жеткізу қиямет-қайымға айналды» — дейді, ардагер.

Ғизат Тоқтабаев, Ұлы Отан соғысының ардагері:

— Үкіметтің қаулысына көз протезін кіргізбегендіктен қазір міне жиырма жылдан асты ғой енді біздің Қазақстанның болғанына мен осындай теперіш көріп жүрмін. Далаға уақытында шыға алмаймын. Өйткені протезсіз көзіме микроп түседі. Жел кіреді. Шыбын шіркей үйір. Иіс біледі.

Көз протезін елімізде тек Алматыдағы жеке компания ғана ауыстырады екен. Бірақ ондағы қызмет құны шарықтап тұр. Осыны айтып Ғизат Тоқтабев құзырлы мекемелерге шағымданғанымен тұшымды жауап ала алмаған. Халықты әлеуметтік қорғау басқармасындағылар көз протезінің сәндік құрал санатына жататын болғандықтан, мүгедектерге тегін берілетін протездер тізіміне енбеді дейді.


Рита Сражидинова, Ақтөбе облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім бастығы:

— Тегін көз протезін салуға біздің тарапымыздан ешқандай көмек қарастырылмаған. Тек денаулық сақтау саласына ғана сілтейміз. Дегенмен косметикалық маңызы болғандықтан көз протезі тізімде жоқ.

Ғизат ақсақалдың мәселесінен жергілікті шенеуніктер де хабардар. Себебі өңірде көз протезін қажет ететін жалғыз қарт та сол кісі. Бірақ санаулы ғана соғыс ардагерінің ішінде оның мәселесін шешуге әзір ешкім құлық танытар емес.