Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
”Мемлекетте басқа мәселе жоқ па? Халыққа бұдан не пайда, Ләйлә? Біздің елде басқа мәселе жоқ па? Тістерің тек өнер адамдарына ғана бата ма? Біресе Меккеге барған өнер адамдарына, біресе ажырасқан әртістерге, енді олардың есірткі қабылдауын тексеру қалды ма? Мықты болсаңдар басқа мәселені неге көтермейсіңдер? Халқыма пайдалы мәселе жоқ па? Бітті ме? Әртістің көрпесін көтеру ғана қалды ма”, — деп жазды әнші.

Түсіпбаеваның сынына Ләйлә Сұлтанқызы жауап берді.
”Меруерт жалпы не айтылғанымен, басқамен таныс болдың ба? Жастардың, балалардың арасындағы жағдай сені мазаламай ма? Денсаулықтары мазаламай ма? Әлде олар маңызды емес пе? Әңгіме жалпы танымал адамдар туралы және Түркиядағы жағдай мысалға алынған тұғын. Қоғамға әсер алатындар туралы, күрестің жан-жақты болуы туралы. Жаны, тәні, денсаулығы тазалар ештеңе ойламайды, керісінше бірге күрседі. Айналадағы ласпен”, — деп пікір қалдырды Ләйлә Сұлтанқызы.

Меруерт Түсіпбаева Сұлтанқызының бұл пікірін жауапсыз қалдырмады.
”Басқа саладағы адамдар судай таза, сонда әртістер ғана шөп шеге ме? Онда толығымен барлығы тест өтсін”, — деп жауап берді әнші.