"Спортшылар да, бапкерлер де көп нәрсені жеткізе алмай тұншығып жүр": Журналист күрес федерациясы туралы - kaz.caravan.kz
  • $ 469.52
  • 553.75
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Спортшылар да, бапкерлер де көп нәрсені жеткізе алмай тұншығып жүр": Журналист күрес федерациясы туралы

"Спортшылар да, бапкерлер де көп нәрсені жеткізе алмай тұншығып жүр": Журналист күрес федерациясы туралы

Қырғызстан астанасы Бішкекте өткен Азия чемпионатында қазақстандық еркін күрес шеберлерінің ешбірі финалға шыға алмаған еді.

  • 20 Сәуiр
  • 621
Фото: Видеодан скриншот

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Осы ретте журналист, спорт сарапшысы Аслан Қаженов «Бірінші бол» YouTube арнасына берген сұхбатында күрес федерациясының жұмысына тоқталып, қатаң сынады.

«Ішінде не болып жатқанын ешкім білмейді. Өйткені федерацияның жиналыстары жабық өтеді. Мысалы, менде Ислам Байрамуковтың жиналыста жаңа федерацияның жұмысына қатысты айтқан аудиолары бар. Қатты айтып, сынға алды, көңілі толмады. Мүмкін, әдейі қырсығып нәтиже көрсетпейтін іште наразылық бар шығар. Біріншіден, біз не болып жатқанын білмейміз. Допингке қатысты мәселелер бар деп естіп жатырмын. Бірақ ол әлі жарияланбай жатыр. Көп нәрсе жабық. Спортшылар да, бапкерлер де көп нәрсені жеткізе алмай тұншығып жүр. Федерация президентінің жанына күреске қатысы жоқ адамдарды алып алған. Олардың не кеңес беріп жатқанын білмеймін. Данияр Қайсановтың бас бапкер болғанын да сынға алып едім. Ол бапкер болмаған, әлі спортшы. Кәсіби мансабын аяқтамады. Логикалық тұрғыда бапкер болмаған адамды бас бапкер қылу дұрыс. Бірақ дөкейлер хабарласып, «жазбаңды алып таста, біздің ініміз» деді. Елдің мүддесі тұрған жерде ол әңгіме не керек?!», — дейді ол.

Сондай-ақ, ол федерацияға нақты жүйе керек екенін де айтты.

«Күрестің ішінде жүрген бір мамандар «витаминизация дұрыс емес» деп жазды. Мысалы, біз соны білмейміз. Пікірталас кезінде айтып қалды. Жалпы елден іздеп тауып, жағдайларын жасап, резервті қалыптастыру керек. Маған жекеме «іріктеуде әделетсіздік болды» деп жазатындар көп. Көп таланттардың жолы жабылып қалып жатыр ма?! Ауыл, аудандарда не болып жатқанын білмейміз. 1-2 жыл бұрын сынға алғанмын, массажист, секілді көп мамандар тіркеліп тұр, іс жүзінде жоқ. Жүйе болмағасын спортшыға немесе бапкерге ренжи алмайсың», — дейді Аслан Қаженов.

Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың қаңтар айында 2019 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері Данияр Қайсанов еркін күрестен Қазақстан құрамасының бас бапкері болып тағайындалған еді.