Әлия Бекталиева, Ақтөбе қалалық №2 сотының судьясы:
— Сапановқа, Ибрашовқа, Қырбаевқа, Кенжебайға бес жыл бас бостандығынан айыру туралы түпкілікті жаза тағайындалды.
Бұлардан өзге Қайрат Бектенов басты айыпталушы ретінде алты жыл арқалап шықты. Олар WhatsApp-та конференция ашып, ондағыларды Сирияға соғысқа аттануға үгіттеген. Экстремистік аудио-бейнероликтер мен мәтіндерді тұрақты түрде жариялап тұрған. Сотталған алты жігіт кінәларын бірден мойындаса, ағайынды Сазановтар бұл іске қатысымыз жоқ деп ат-тондарын ала қашты. Тіпті, сот отырысының бірінде ауыздарын тігіп, аштық жарияламаймыз деп қоқан-лоқы көрсеткен болатын. Дегенмен, енді олар да алты жылын түрмеде өткізеді. Үкім тыңдауға айыпталушылардың туыстары түгел жиналған екен. Жазаның мұндай ауыр боларын күтпесе керек әйелдері көз жасына ерік берді.