Ақтөбеде жергілікті футбол командасы мен украиндық клуб жанкүйерлері төбелесіп қала жаздады.
«Ақтөбе» мен «Динамо» (Киев) арасындағы матч қарсаңында украиндық жанкүйерлер банк бөлімшесіне кірген. Шыға бере олар қарсы жолыққан ақтөбелік фанаттармен сөзге келіп қалған, дейді облыстық ІІД баспасөз қызметі жетекшісі Ардагер Уайдин.
Даудың туындауына украиндықтардың «Динамо» — чемпион!» деп ұрандатуы түрткі болыпты. «Ақтөбе» — чемпион!» деп ұрандатқан жергілікті фанаттарға бұл ұнамай қалған болса керек. Жергілікті полицейлер қырағылығының арқасында төбелеске жол берілмеді. Ешкім зардап шеккен жоқ.
Кеше қос команда арасында өткен ойында украиндықтар 2:3 есебімен басым түсті.