Ақтөбеде жезөкшелікпен айналысатын 4 баланың анасы балконнан секіріп кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде жезөкшелікпен айналысатын 4 баланың анасы балконнан секіріп кетті

Ақтөбеде жезөкшелікпен айналысатын 4 баланың анасы балконнан секіріп кетті

Өзіне қол салмақ болған әйел соңғы сәтте ойланып, жіптен ұстанып қалды, деп хабарлайды Ақтөбе Таймс.

  • 13 Қараша 2018
  • 48
Фото - Caravan.kz

Куәгерлер айқайлап көмек сұрай бастайды. Жақын маңда жүрген полицейлер пәтердің кілтін тауып, ішке кіреді. Аиша есімді әйелді балконға алып шығады.

Сол маңдағы дүкен ұстайтын Сәнімжан Шұғайпова өзіне қол салмақ болған Аишаның жезөкшелікпен айналысатынын айтты. Айтуынша, ол Галя есімді жеңгетайға жұмыс істейді. Жеңгетай саунаға 8 жезөкше апарады. Жезөкшелері үш саунаға интимді қызмет көрсетеді.

Вокзал маңында 10-15 жезөкше қыздары бар. Есімдері Жанна Норка, Жанна Цыган, Ляззат, Сауле, Наташа, Айжан, Аида, Мира, Гоша, Индира.

Аишаның төрт баласы бар. Екеуі басқа қалада. Екеуі өзімен бірген. Бірі 4 жаста, бірі 6 жаста.


Жеңгетай Галя 21 жастағы жігітімен Алматыдан демалып келген күннің ертесіне Аишадан ақшасын сұрайды. Аиша 13 мың теңге бергенде, оны азсынады. Әдетте жезөкшелер күніне 50 мың теңге тауып беруі тиіс болған.

Аиша бас тартқандықтан оны шешіндіріп ұра бастайды. Кейін пәтерге қамап тастайды. Аиша өзіне қол салмақ болып, балконнан секіріп кетеді. Бірақ жіптен ұстанып қалып аман қалады.