Жарияланды: 420

Ақтөбеде жолақы 10 теңгеге қымбаттады

Бүгіннен Ақтөбеде қоғамдық көліктерде жүру ақысы 10 теңгеге қымбаттады. Атөбеліктер енді автобустарда - 45 теңге, микроавтобустар мен маршруттық көліктерде -55 теңге төлейтін болады.

Ақтөбеде жол тарифі соңғы рет 2009 жылы көтерілген болатын. Жолақысын көтеруге отын бағасының, қосалқы бөлшектердің қымбаттауы себеп болып отыр. Оған қоса, қоғамдық көлік тасымалын ұйымдастырудың күзде өтетін жаңа тендері де өз әсерін тигізіп отыр, дейді мамандар. Ал әлеуметтік тұрғыдан қорғалған азаматтар, оның ішінде ардагерлер, зейнеткерлер, т.б., бұрынғыдай тегін жүреді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін