Ақтөбеде жолаушылар автобусы тұрғын үйге соғылды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде жолаушылар автобусы тұрғын үйге соғылды

Ақтөбеде жолаушылар автобусы тұрғын үйге соғылды

Ақтөбеде №7 жолаушылар автобусы тұрғын үйлердің бірінде орналасқан смартфон жөндеу шеберханасына соғылды.

  • 18 Сәуiр 2022
  • 43
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Әлеуметтік желіде тараған видеода көлік жүргізушісінің жолдан шығып кетіп, Шернияз, 33 мекенжайындағы үйге соғылғаны көрсетілген.

"Автопарк" ЖШС қызметкерлері зардап шеккендердің жоқтығын, автобус айып тұрағына қойылғанын хабарлады. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

"18 сәуірде Шернияз-Уәлиханов көшелерінің қиылысында маршруттық автобустың қатысуымен жол апаты болды. №7 автобустың жүргізушісі соқтығысу салдарынан қозғалыс бағытын өзгертіп, дүкен ғимаратын соққан", — деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полицейлер автобуста жолаушылар болмағанын айтты. Апат салдарынан зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта тексеру жүргізіліп жатыр.


Соңғы жаңалықтар