Ақтөбеге өлім аузында жеткізілген Пәкістан азаматының беті бері қарады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеге өлім аузында жеткізілген Пәкістан азаматының беті бері қарады

Ақтөбеге өлім аузында жеткізілген Пәкістан азаматының беті бері қарады

 

  • 16 Маусым 2016
  • 323
Фото - Caravan.kz

Ақтөбеге өлім аузында жеткізілген Пәкістан азаматының беті бері қарады. 61 жастағы Бибінұр Мұхаммед қазір облыстық клиникалық ауруханасының жан сақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды Bnews.kz

Пәкістаннан Лондонға жол тартқан «Боинг-777» ұшағы 8 маусым күні Ақтөбе әуежайына шұғыл қонды. Себебі, 61 жастағы жолаушы Бибінұр Мұхаммед қант диабетімен ауырып, есінен танып қалған. Бүйрегі де сыр берген. Төрт күн бойы облыстық клиникалық ауруханасында ем алған науқастың жағдайы қазір тұрақты. Дегенмен ол әлі жан сақтау бөліміндегі дәрігерлердің бақылауында жатыр.

 

 

 

«Науқас Бибінұр Мұхаммед 8 маусым күні түсті сағат 3-тен кете жеткізілді. Жедел жәрдем науқастың бір өзін әкелді. Алдын-ала белгілі болғаны, ол қант диабетімен ауырады екен. Тіпті, инсулин қабылдайды. Осы кезде біз кешенді тексеру жүргізіп, диагноз қойған едік. Мұндай жағдай өте сирек кездеседі. Егер уақытылы ем жасалмаса, өліп кетуі мүмкін еді»,- дейді облыстық клиникалық аурухананың эндокринология бөлімінің меңгерушісі

 

Барлық емді жүргізген Камалхан Ермағанбетовтың айтуынша, науқасқа мультифильтрат аппаратымен гемодиафильтрация жасалды.


«Бұл аппарат бір жарым жылдан бері қолданылып келеді. Күні бүгінге дейін 25 науқас ем қабылдап, бәрінің денсаулығы қалыпқа келді. Ал шетелдік науқастың жағдайында жанында жақын адамы болмады. Сондықтан шешімді өзіміз қабылдап, оны аман алып қалдық»,- дейді ол.

Бүгін Бибінұр Мұхаммедтің балалары мен туған-туыстары Ақтөбедегі ауруханаға келіп, алғыстарын жеткізді. Науқастың қызы Сагда Наусаа ақ халаттыларға ризашылығын білдіріп, анасын аман алып қалған дәрігерлерді төл мерекелерімен құттықтады. Пәкістан азаматы енді 2 күннен соң еліне қайта алады.

Соңғы жаңалықтар