Ақтөбелік 20 оқушы Италияға демалысқа аттанды
Ақтөбе. 8 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбе қаласы мен облысының 20 оқушысы кеше Италияға демалысқа аттанды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі. |
Ақтөбе облыстық білім беру басқармасының қосымша білім беру мен тәрбиелік жұмыстарды қадағалау бөлімінің бастығы Тәттігүл Тайланованың айтуынша, бұл балалар тұрмыс жағдайы нашар отбасылардың жеткіншектері, жетімдер, сондай-ақ, былтырғы оқу жылының барысында халықаралық олимпиадалар мен бәйгелерде жүлделі орындарға ие болған дарынды балалар.
"Облысымыз жыл сайын 20 баланы Италияға аттандырады", - деп атап көрсетті Т. Тайланова. Ол сондай-ақ, олардың сапары мен сол жақта тұруы бойынша барлық шығындарды Қазақстан мен Италияның мұнай компаниялары көтеретінін хабарлады.
Басқарманың хабарлауынша, балалар 1 қыркүйекке дейін келеді. Осы уақыт ішінде олар уақыттарын Чезанатико қаласында орналасқан Эмилия-Романья балалар лагерінде өткізеді.
Соңғы үш жыл ішінде Италияда 60 бала демалып қайтқан.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін