Ақтөбелік компания 1,5 млрд теңге салық төлеуден жалтарған - kaz.caravan.kz
  • $ 510.59
  • 578.91
+28 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбелік компания 1,5 млрд теңге салық төлеуден жалтарған

Ақтөбелік компания 1,5 млрд теңге салық төлеуден жалтарған

Экономикалық тергеу департаменті "Ақтөбеэлектросетьстрой" ЖШС директоры Болат Көшкеновті 2015-2017 жылдар аралығында 1 миллиард 491 миллион теңге сомасында салық төлемеді деп айыптады, - деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

  • 8 Қаңтар 2023
  • 8
Фото - Caravan.kz

Басылым мәліметінше, компания директоры кінәсін мойындамаған. Айыпталушы мемлекеттік сатып алумен жұмыс істеп, қосалқы мердігерлердің қызметіне жүгінгенін және жалған шот-фактураларды пайдаланбағанын айтқан.

Бірақ, сот Болат Көшкеновті салық төлемегені үшін кінәлі деп танып, төрт жылға бас бостандығынан айырған. Сондай-ақ, сот оны мемлекетке 1 миллиард 491 миллион теңге көлемінде залалды өтеуге міндеттеген.