Жарияланды: 170

Ақтөбелік тәрбиеші балалардың аузына скотч жапсырғанын мойындаған жоқ

Ақтөбеде балабақша тәрбиешісі бөбектерді тыныштандырудың өзгеше амалын тауыпты! Ол балалардың ауызына скотч жапсыратын көрінеді.

- Скотчты аузыңа жабады.

- Кім жабады?

- Гуля апай

Балалардың айтуынша, тәрбиеші шулағандардың аузын скочпен жауып, жазалайды екен. Қазір осы оқиғаға байланысты мектепке дейінгі мекемеде тексеру жүріп жатыр. Дегенмен, бөбектер көрсеткен тәрбиешінің өзі ондай жағдайдың болғанын жоққа шығарды. Балаларды шулаған кезде ұрысумен ғана шектелетінін жеткізді. 

Гүлнұр Қойшығарина, тәрбиеші:

-Көп бұзық болады енді. Сосын балаларды ұрмайсың ғой енді. Айтасың тентек болма деп. Аузыңа жапсырамын деген сөздер айтылады. Бірақ ондай әрекет мен жасаған жоқпын. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін