Ақтөбенің жолақысы қымбаттады - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбенің  жолақысы қымбаттады

Ақтөбенің жолақысы қымбаттады

Ақтөбенің қоғамдық көліктерінде жолақы қымбаттады. Енді бұл өңірдің тұрғындары қала ішінде қатынайтын үлкен автобустарға отыру үшін 55 теңге, шағын автобустарға 60 теңге төлейтін болады.

  • 3 Мамыр 2014
  • 265
Фото - Caravan.kz

Мерекемен басталатын мамырдағы бұл тосын сыйға ақтөбеліктер қапалы. Өйткені билет құны көтерілгенімен, қызмет сапасының жақсармайтынын барлығы біледі. Ал автопарк басшылары 4 жыл бойы тарифті тұрақты ұстап тұра алмайтындарын алға тартуда. Девальвациядан соң несиеге алынған қоғамдық көліктердің де құны көтеріліпті. Сондықтан шығынның орнын жергілікті билік қанша қолдау танытса да жаба алмай отыр екен. Оған қоса құрал-жабдық пен жанармайдың қымбаттағанын желеу етуде.


 Мейіржан Өндіргенов, автопарк басшысы:

-Жаңа тариф 1-ші мамырдан бастап бекітіледі. Бағаны 2 немесе 3 жыл ұстап тұра аламыз деп айта алмаймыз. Жолақының өсу себептері жанар-жағармайға, автоқосалқы бөлшектерге бағаның өсуімен байланысты.