АҚТҚ вирусымен дүниеге келген сәбиге ем қонды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚТҚ вирусымен дүниеге келген сәбиге ем қонды

АҚТҚ вирусымен дүниеге келген сәбиге ем қонды

АҚШ ғалымдары АҚТҚ (ВИЧ) вирусымен дүниеге келген тағы бір баланы бірнеше сағаттан кейін агрессивті терапия көмегімен емдегендіктерін жария етуде, деп хабарлады ВВС.

  • 6 Наурыз 2014
  • 446
Фото - Caravan.kz

Дәрігерлердің хабарлауынша, бүгінде 10 айға толған калифорниялық қыз аталған вирустан толығымен арылған сияқты. Оны шұғыл арада терапиялық араласу емдеу әдісінің сәтті жүзеге асырылғандығы дәлелдей түстеді. Ғалымдардың пайымынша, вирус адам ағзасына нақты сіңгенше жойып жіберу өзі жемісін беріп отыр.

Өткен жылы да ғалымдар дәл осындай емдеу тәсілімен Миссисипи штатында дүниеге келген қызды емдегендіктерін жария еткен болатын.


Зерттеушілердің бірінің сөзіне қарағанда, АҚТҚ вирусымен дүние есігін ашқан 50 сәбиге клиникалық сынақ алдағы 3 айдың ішінде басталмақ.