Ақтүтек боранда жоғалып кеткендер табылды - Қызылорда облысы - kaz.caravan.kz
  • $ 467.98
  • 533.87
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтүтек боранда жоғалып кеткендер табылды - Қызылорда облысы

Ақтүтек боранда жоғалып кеткендер табылды - Қызылорда облысы

Қызылорда облысы Арал ауданында ауа райының қолайсыздығына қарамастан «Уаз» автокөлігімен аудан орталығына жолға шыққан

  • 30 Қаңтар 2014
  • 381
Фото - Caravan.kz


Беларан ауылдық округінің 56 және 30 жасар тұрғындары мен Атанши ауылдық округінің тағы екі азаматы жоғалып кетті.

Атап өтейік, өңірде бірнеше күн бойы ақтүтек боран соғып, жол қатынастарын қалың қар басып қалған.
Олардың аудан орталығына жетпеуіне байланысты аудан әкімі М. Жайымбетов тікұшақ арқылы іздестіру қажеттілігін сұраған болатын.
Осыған байланысты құрамында 4 экипажы бар ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ-ның «Еврокоптер» үлгісіндегі тікұшағы іздеуге шығып, жолда тұрып қалған көліктер табылып, жолаушылар құтқарылды. Олардың медициналық көмекке жүгінгені болмаса, абырой болғанда, бәрі де дін аман, денсаулықтары бірқалыпты.