Ақтүтек боранның кесірінен жұрт май шаммен күнелтіп отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтүтек боранның кесірінен жұрт май шаммен күнелтіп отыр

Ақтүтек боранның кесірінен жұрт май шаммен күнелтіп отыр

Ақтүтек бораннан жұрт әлі ес жия алмай жатыр. Табиғаттың тосын мінезінен еліміздің бірнеше аймағы айтарлықтай зардап шеккен.  Электр желілері үзілгендіктен халық май шамға қарап қалды. Шалғай ауылдардың облыс орталығымен қатынасы қиындаған.

  • 7 Желтоқсан 2013
  • 336
Фото - Caravan.kz


Мәселен, Павлодарда басқаны былай қойғанда жөндеуден жаңа өткен тұрғын үйдің шатырын бүгін жұрт жерден жинап жатыр. Сонымен қатар, бораннан электр желілері де үзіліп 30-ға тарта елді-мекен қараңғыда қалған. Электр желілерін жылдам іске қосуға мамандардың шамасы жетпей жатыр. Қарағанды облысында да дүлейдің кесірінен май шамға қарап қалғандар көп. Облыста 30 нысанның шатыры жұлынып ағаштар мен бағаналар құлаған. Кейбір жерде тіпті, әкімшілік ғимараттар, мешіт пен мектепке те зақым келіпті. Қазір шамалары жеткендер өз күштерімен қарекет қылуда. Басқа аймақтардағы ахуал да осыған тән.  Келген шығынның көлемі әлі есептелген жоқ.