Ақысыз медициналық көмектің кепілді көлемін қамтамасыз етуге 2009 жылы 34 млрд теңге қарастырылған
Астана. 11 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Ақысыз медициналық көмектің кепілді көлемін қамтамасыз етуге 2009 жылы 34 млрд теңге қарастырылған. Бұл туралы бүгін "2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасының Қазақстан парламентінің мәжілісіндегі тұсаукесері барысында еліміздің экономика және бюджетті жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі. |
"Денсаулық сақтау саласында ақысыз медициналық көмектің кепілді көлемін қамтамасыз етуге және оны көбейтуге арналған шығындарға 2009 жылы 34 млрд теңге, 2010 жылы - 47 млрд теңге, 2011 жылы - 54 млрд теңге жоспарланған, соның ішінде жергілікті бюджеттерге мақсатты ағымдағы трансферттерге гемофилияға шалдыққан науқастарға жыл сайын 3 млрд астам теңге қарастырылған", -деді Б. Сұлтанов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін