"Әр адамның маңдайына тағдырын сызып берген": Айгүл Иманбаева қазіргі жары мен отбасылық өмірі туралы - kaz.caravan.kz
  • $ 490.21
  • 566.93
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Әр адамның маңдайына тағдырын сызып берген": Айгүл Иманбаева қазіргі жары мен отбасылық өмірі туралы

"Әр адамның маңдайына тағдырын сызып берген": Айгүл Иманбаева қазіргі жары мен отбасылық өмірі туралы

Әнші, актриса Айгүл Иманбаева өзінің жарымен қалай кездескенін айтты.

  • 10 Маусым
  • 3
Фото: Instagram/aigul_imanbayeva

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Актриса бұл туралы өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді.

«Біз екі жыл бұрын Нью-Йоркте таныстық. Тура жаңа жылдың алдында таныстық, мен қызыммен АҚШ-қа келгенмін. Қызыммен «Рождество» мерекесін көргім келді. Біз менің достарым Айнұр мен Ума, оның сіңлісімен бірге қарсы алатын болдық. Олар екі апалы-сіңлілі, олар екі көрші пәтерде тұрады.

Біз Аружан екеуміз Айнұрдың үйінде қондық. Нью-Йорктегі көрікті жерлердің бәрін араладық. Ал, Айгүл болса Уманың үйінде болды. Олар біздің үйдің қабырғасының ар жағында тұрды. Сөйтіп Нью-Йоркте танысып, біраз жерлерді араладық. Біз оған дейін бір-біріміз жайлы ештеңе білмедік. Тек 31 желтоқсанда ғана таныстық.

2024 жылы, 31 желтоқсанды бірге қарсы алыппыз. Бір апта бойы бір үйдің екі пәтерінде, қабырғаның ар жағында тұрып, бір-бірімізде көрмеппіз. Мен айтар едім, бұл тағдыр. Өйткені, Алла Тағала әр адамның маңдайына тағдырын сызып береді. Яғни екеумізге кездесуді өзінің уақыты, күні келген кезде кездесу бұйырған екен», — деді ол.