Елімізге күнкөріс қамымен келетіндер де, оларды жұмыспен қамтушылар да бұған дейін қазынаға көк тиын салық төлемей келген. Енді жаңа ережеге сай олар көші-қон полициясына тіркелгеннен кейін, салық органынан жеке сәйкестендіру номерін алып, алдын-ала 2 айлық есептік көрсеткіш көлемінде ақы төлейді. Сонымен қатар, міндетті түрде жұмыс берушімен еңбек келісімін жасап, ай сайын 3700 теңге салық төлеуге міндетті. Ал кез-келген жеке тұлға үй шаруасына, бала күтуші, аула тазалаушы ретінде немесе құрылысқа ендігіде 5 адамнан артық жалдай алмайды. Айта кетсек, өткен жылы ел шекарасынан 174 мың еңбек мигранты өткен екен.