Арал аймағында биылғы жылдың 10 айында қылмыстардың саны 9,4 % азайды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Арал аймағында биылғы жылдың 10 айында қылмыстардың саны 9,4 % азайды

Арал аймағында биылғы жылдың 10 айында қылмыстардың саны 9,4 % азайды

Қызылорда. 19 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Арал маңындағы аудандарда биылғы жылдың он айында қылмыстардың саны 9,4% азайды. Бұл жөнінде агенттік тілшісіне Қызылорда облыстық ІІД бастығының орынбасары, полковник Ғанибек Отарбаев хабарлады.

  • 19 Қараша 2007
  • 523
Фото - Caravan.kz

«Былтырғы жылмен салыстырғында биылғы жылдың 10 айында Қызылорда облысы бойынша тіркелген қылмыстардың саны 9,4% азайып, 2285- тен 2070-ке дейін жетті «,- деген ақпаратты полковник Ғ. Отарбаев мәлім етті.

Оның сөздеріне қарағанда, аса ауыр қылмыстар саны кеміген, оның ішінде кісі өлтіру — 29,6% ( 27 — 19 дейін), тонау — 9,8% ( 173 -156 дейін). Алайда, шұғыл деректердің басым бөлігі ұрлықтар санатында. Аймақта 10 айында 1087 тіркелсе, (2006 жылы- 1265), әрбір төртіншісі — пәтер тонауының қатарынан.

Ғ. Отарбаевтың айтуынша, қылмыстардың ашылуы 3,1% көтеріліп, 75,6%-ға жетті. Қылмыстардың ашылуы жағынан кісі өлтіру 94,7%, тонау — 93,8%, бұзақылық — 91,5%, зорлық — 89,7% көтерілді. Шұғыл криминалды полициясы заңсыз мұнай өңдеп сатудың 11 оқиғасын анықтаған. Аталған қылмысқа мұнай компаниялардың 29 қызметкерінің қатысты екендігі ашылды. Олардан шикі қара алтынның 12 млн тоннасы тәркіленді.

«Сондай-ақ, есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасын атап өткім келеді. Олардың қызметкерлері жасырын түрде егін егілген 16 аумақтарды анықтаған. Заңсыз айналымнан 348 келі есірткі тәркіленді, оның 4 келісінен көбі героин «, — деді Ғ. Отарбаев.

Полковниктің сөздері бойынша, алғаш рет арал аймағында, Шымкент- Самара тас жолында полиция қызметкерлері 3 келі героинді шетелдік автокөлігіне ауыстырмақ болған Оңтүстік Қазақстан облысының 2 тұрғынын құрықтады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті