Арал өңірінің тұрғындарына әлеуметтік көмек ретінде 2007 жылы 1 млрд 133 млн теңге бөлінді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Арал өңірінің тұрғындарына әлеуметтік көмек ретінде 2007 жылы 1 млрд 133 млн теңге бөлінді

Арал өңірінің тұрғындарына әлеуметтік көмек ретінде 2007 жылы 1 млрд 133 млн теңге бөлінді

Қызылорда. 20 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Арал өңірінің тұрғындарына әлеуметтік көмек ретінде және әлеуметтік қамсыздандыруға 2007 жылы алғаш рет 1 млрд 133 млн теңге бөлінді, деп хабарлайды агенттік тілшісі, облыс әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаментіне сілтеме жасап.

  • 20 Қараша 2007
  • 467
Фото - Caravan.kz

«Қызылорда облысында 10 айдың қорытындысы бойынша, тікелей әлеуметтік көмек көрсетілгендер қатары 14 мыңнан асты», — деді жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаментінің директоры Ирина Ким. Оның сөздері бойынша, мұндай көмек «кедейшілік деңгейінен аспайтындарға» ғана беріледі. 2007 жылдың 4 тоқсанында, бұл көрсеткіш 3837 теңгені құрады.

Сондай-ақ «кедей от басылары, коммуналдық төлемдерді өтеу үшін, тұрғын үй төлемдері беріледі ( жылу үшін). Бұл мақсаттарға 132,6 млн тенге бөлінді», -деді И. Ким.

Негізгі азық-түліктер бағасы мен коммуналдық қызмет көрсету тарифтерінің өсуіне орай, аудандық және Қызылорда мәслихаты тарапынан «әлеуметтік жағынан аз қорғалған топқа, қосымша 600 теңге әлеуметтік төлем бөлу жөнінде шешім шығарылды», — деген ақпаратты департаменттегілер айтты.

«2008 жылдың бюджет жобасында 2 млрд тенге бөлу көзделген. «Қосымша қаржы әлеуметтік көмекке, балалардың жәрдем ақысына және тұрғын-үй төлемдеріне жұмсалды, — деді департамент директоры. Оның себебі айқын: азық-түлік пен коммуналдық қызмет көрсету тарифтерінің көтерілуі».


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті