Аралас жекпе-жектен мықтылар анықталмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Аралас жекпе-жектен мықтылар анықталмақ

Аралас жекпе-жектен мықтылар анықталмақ

Ертең Алматыда аралас жекпе-жектен «Ұлы шайқас» айдарымен  екінші  аламан дода өтеді. Бұл жолы «Алаш Прайд» клубының  екі бірдей  чемпиондық белбеуі сарапқа түседі. Ал, сегізбұрышты теміртордың ішінде АҚШ, Жапония, Ресей, Тәжікстан және Қырғызстаннан келген сайыпқырандар қазақ жігіттерімен сайысқа шығады.

  • 19 Желтоқсан 2013
  • 211
Фото - Caravan.kz

Бүгін сарбаздардың  салмағын анықтау үшін  таразыға тартылу рәсімі ұйымдастырылды. Дүйім ел алдында  бір-бірімен бете-бет келген қарсыластар бұқаша сүзіскенімен,  жаға жыртысуға бара қойған жоқ. Ертеңгі он екі кездесудің арасында  бөле-жара айтатын екі жекпе-жек бар. Оның бірінде әлі күнге жеңіліп көрмеген  Қайрат Ахметов,  Азияның чемпиондық белбеуі үшін  жапон жігіті Ватанабе Татсуямен сынға тсүеді.  Жеңген сайын  «Қара жорғаға » басатын Қайраттан, ертең де әдемі би күтеміз.  Әлем чемпионы белбеуі сарапқа салынатын басты жекпе-жекете  Асұлан Тоқтарбаев  пен америкалық Крум Кевин кездеседі.  Крум Кевин өте әккі сарбаз. Ол  атышулы  UFC және Bellator  секілді   ұйымдар  аясындағы  жарыстардың дәмін татқан майталман.

 

Мюнхендік “Бавария” Мароккада өтіп жатқан клуб аралық чемпионаттың финалына шықты. Жартылай финалда Хосеп Гвардиола шәкірттері қытайдың “Гуанчжоу Эвергранд” командасын 3:0 есебімен ойсыратты.

Алғашқы таймның 40-шы минутында Франк Рибери есеп ашты. Арада не бары 4 минут өткенде әуелеп жеткен допты Марио Манджукич қақпада тулатты. Үзілістен кейін Марио Гетце қортынды есепті орнатты. “Бавария” өз тарихында тұңғыш рет клуб аралық чемпионаттың финалына шығып отыр. Енді мюнхендіктердің қарсыласы мароккалық “Раджа Касабланка” мен  бразилиялық “Атлетико Минейро” арасындағы матчта белгілі болмақ.       

 


Қызылордалық “Қайсар” жаңа маусымға қазірден бастап дайын. Қарызға белшеден батқан сыр елінің футболшылары былтыр жоғарғы лигаға жіберілмеген болатын.

Биыл облыс бюджетінен қомақты қаржылай қолдау көрген қызылордалық аяқдопшылар пример лигада лайықты өнер көрсетуді мақсат етіп отыр. Мәселен қойылған жаңа талаптарды орындау үшін клубқа 598 миллион теңге жұсалыпты. Бірінші лигадан алғашқы орынмен шыққан “Қайсар” алдағы уақытта қаржылық қиындық болмайтынына сенімді. Тіпті командаға тәжірибелі бапкер Дмитрий Огайды да шақыртыпты. Негізгі құрамның ойыншыларына барлық жағдай жасалған. Сондықтан “Қайсар” басшылығы алдағы маусымға сеніммен қарап отыр.