Жарияланды: 460

Аралды құтқару қорының донор-елдерінің кезекті отырысы биылғы тамыз айында Душанбеде өтеді

Аралды құтқару жөніндегі Халықаралық қордың донор-елдерінің кезекті отырысы биылғы тамыз айында Душанбеде өтеді. Бұл туралы шешім өткен демалыс күндері Тәжікстан астанасында бас қосқан кезекті осындай кеңесте қабылданды ,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Душанбеден.

Отырысқа Халықаралық қордың Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстандағы өкілдіктерінің басшылары мен Дүниежүзілік банк, Азия даму банкі, Еуроодақ пен ЮСАИД өкілдері қатысты. Аралды құтқару жөніндегі Халықаралық қордың бас маманы Хабиб Гайбуллоевтың хабарлауынша, отырысты Тәжікстан Республикасының премьер-министрі Козидавлат Коимдодов басқарды. Отырысқа қатысушылар екі күн бойы бағдарлама үйлестірушілерінің Аралды құтқару жөніндегі ұсыныстарын талқылады. Хабиб Гайбуллоевтың айтуынша, отырыс нәтижесінде коммюнике қабылданды. Бұл құжатқа сәйкес Аралды құтқару жөніндегі Халықаралық қордың су шаруашылығы , әлеуметтік-экономикалық , экологиялық және гидромелиоративтік салалардағы жұмыс топтарының іс-қызметін үйлестіру шараларының жобасы жасалады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть