«Аралтұз» жұмысшыларының жалақысы 10 пайызға өседі - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Аралтұз» жұмысшыларының жалақысы 10 пайызға өседі

«Аралтұз» жұмысшыларының жалақысы 10 пайызға өседі

Алдағы сәуір айынан бастап «Аралтұз» зауытының цех қызметкерлерінің еңбек ақысы 10 пайызға өсетін болады. 750-ден астам жергілікті тұрғынды тұрақты жұмыспен қамтып отырған «Аралтұз» зауытының берекесі артқан. Мұнда өткен жылы 138 мың тоннаға жуық  тұз өндіріліп,  жақын шет елдерге экспортталды. Инвестиция көлемі 2 миллиардқа жетті, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.

  • 11 Наурыз 2014
  • 356
Фото - Caravan.kz

Испан технологиясымен жабдықталған жаңа зауыттың қуаттылығы орасан. Жыл басынан бері 22 мың тоннадан астам тұз өндірілсе, оның 13 мың тоннасы ас тұзы.  Қалғаны техникалық және басқа бағытта.

«Мемлекет басшысы барлық мекемеге жалақыны үстемелеуді тапсырды. Біздің оған шама-шарқымыз жетеді. Өндіріп отырған өнімімізге сұраныс бар. Техникаларымызды жаңаладық. Жұмысшылардың жағдайын бірінші кезекке қоямыз. Өйткені маман болмаса, ісіміз ілгері баспайтыны анық, — дейді «Аралтұз» АҚ вице-президенті Мұқан Мырзағұлов.

Тоқсан жылға жуық тарихы бар «Аралтұз» АҚ-ның өнімі Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан секілді шет мемлекеттерге экспортталады. Алдағы уақытта Сауд Арабиясы,  Жапония, Қытай мемлекетімен байланыс орнату жоспарда бар. Бұл жобалар тиімді жүзеге асып жатса, өңірдің экономикасы мен әлеуметтік дамуына айтарлықтай үлес қосылатыны аян.