Бұл видео Telegram-дағы "Вредный Казах/Қырсық Қазақ" арнасында жарияланды.
Бұл туралы Caravan.kz порталы paryz.kz.-ке сілтеме жасап хабарлады.
Кеше әлеуметтік желілерде қостанайлық екі тұрғынның "Ресей Қазақстанның солтүстігін алып алса, біз тек қуаныштымыз" деп ресейшілдік көзқарастарын білдірген еді. Бүгін олар сол сөздерін жуып-шайғылары келіп, айыптарын мойындаған болып отыр.
"Құрметті Қазақстан тұрғындары, мен өзімнің жасаған ақымақтығым үшін шын жүректен кешірім сұраймын! 16 желтоқсан күні үйде мас болып отырғанда, украиндық блогердің арандатушылық сұрақтарына беріліп қойып, үлкен ақымақтыққа бардым. Қазақстанда тудым, тұрамын. Осында білім алдым. Анам зейнетке шықты. Достарым бар. Көршілеріммен тату-тәтті, мерекелерді атап өтеміз", – дейді ер адам.
Оның қасында отырған әйел де мас халде болғанын айтып, ерсі ісі үшін кешірім сұрады.
"ПРОСТИТЕ НАС, ПОЖАЛУЙСТА…" Оперативно сработали наши службы, молодцы. Выявили товарищей этих, теперь они слёзно просят прощения. Даже жалко их стало немного. Понятно, что по пьяни ляпнули, но ведь, что у трезвого на уме, то у пьяного на языке. А на севере страны, по ходу, много у кого на уме такие вещи. https://t.me/vrednyikazakh/470
Posted by Руслан Тусупбеков on Monday, December 21, 2020