Әрбір Қазақстан мектебінде ішкі істер органының қызметкері жұмыс істеуі тиіс - премьер - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әрбір Қазақстан мектебінде ішкі істер органының қызметкері жұмыс істеуі тиіс - премьер

Әрбір Қазақстан мектебінде ішкі істер органының қызметкері жұмыс істеуі тиіс - премьер

Астана. 1-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Әрбір Қазақстан мектебінде ішкі істер органының қызметкері жұмыс істеуі тиіс. Бұл туралы кеше ҚР Білім және ғылым министрлігінің алқа отырысында ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 1 Ақпан 2008
  • 556
Фото - Caravan.kz

«Жақында Алматыда ыңғайсыз жағдай болды. Немқұрайдылықтан ба екен, әлде, тағы басқа себептер бар ма, гранат жарылуынан кісі өлімі орын алды», — деді К. Мәсімов. «Мен ішкі істер министріне Білім және ғылым министрлігімен бірлесе отырып, әрбір мектепте ІІМ өкілі, яғни инспектор болуы мәселесін талқылауды тапсырдым», — деп атап көрсетті ол.

«Қазір тексерулер жүріп жатыр. Тексеру кезінде көптеген оқу гранаттары оқудікі болмай шықты», — деп атап көрсетті премьер.

Үкімет басшысы Білім және ғылым министрлігіне ІІМ-мен және облыс әкімшіліктерімен бірлесе отырып «мәселені зерттеуді және жақын арада жағдайды шешу үшін ұсыныстар енгізуді» тапсырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті